Сайрам ауданында кикбокстан жөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтуде. Байрақты бәсекеге 20 командадан 225 спортшы қатысып, шеберлік байқауда. Аймақтық сайыстан алтын алғандар мамыр айында өтетін Арыс қаласындағы ел чемпионатына жолдама алмақ. Түркістандық спортшылардың аталған спорт түріндегі жетістіктері жайында аймақтың кикбокстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Нұрбек Құрмашев айтып берді.