Түркістанға Солтүстік Кипр Республикасының студенттері келді. "Түркология Жаз Оқуы - 2024" бағдарламасы аясында келген студенттер 10 күн бойы шаһардың айшықты орындарымен танысады. Шекара асып келген 20 шетелдік азаматқа Арыстан баб, Ескі Отырар қаласының тарихи жерлері көрсетілді. Сондай ақ, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен этноауыл аймағы таныстырылды. Қонақтар шеберлер жасаған бұйымдармен танысып, тіпті кейбіреулерін сатып та алды. Енді бірі өз қолымен сазбалшықтан құмыра жасады. Аталған бағдарлама былтыр басталған. Алғашқы жылы студенттер Еуропадан келген.