Түркістан қаласындағы Фараб кітапханасында белгілі жазушы, драматург Сая Қасымбектің «Көк бөрілері» кітабының тұсаукесері өтті. «Саяның сырлы әлемі» атты кездесуде жазушы өз оқырмандарымен тілдесіп, жастардың рухани дүниеге деген көзқарасын саралады. Тырнақалды туындысының атауын түсіндірген автор, бұл еңбегінде жалпы «түбі бір – түркі халықтары» түсінігін жан-жақты ашуға тырысқанын айтты.