Жайылымдық жер қалмай барады деп дау шығарамыз. Десекте қазір мал жайып, қора қопсы салған орындардың қаншалықты қадіріне жетіп жүрміз? Мәселен Түркістан облысындағы Көксарай су қоймасында су жоқта мал жайып үлгергендер бар. Ал одан қалған лас қоқыстар иісі қолқаны қауып, бықсып жатыр. Бұған эко-белсенділер алаңдап отыр. Өйткені табиғатқа зәредей зияны тиеді.