Шетелдік көлігін заңдастырып үлгермегендер не істеуі керек? Ішкі істер министірлігі жауап берді. Көлік құжаты өзге елге тіркелген жүргізушілер техникалық және экологиялық талаптарға сай болса қажетті алымды төлеп, әдеттегі тәртіпте тіркелуі қажет. Ал, тіркеуден өтпеген көліктерді тізгіндегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айта кетсек, Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру былтырғы қаңтарда басталған. Өткен жылы елімізде көлік иелері 200 мың теңге утильалым және тіркеу сомасын төлеп, көліктерін тіркей алды. Ішкі істер министірлігі акцияның тек бір реттік шара екенін, заңдастыру мерзімін ұзарту жоспарда жоқ екенін айтады.