Түркістан облысында 6 ауылда мал саны бұрмаланып, жайылым жерге деген қажеттілік артық көрсетілген. Жергілікті жерлерде жауаптылар жайылымдарды қайтару бойынша ақпараттық технологияларды қолданбаған. Енді облыс прокуратурасының бастамасымен өңірде «Қолжетімді жайылым» жобасы қолға алынды. Аталған жоба бес бағыттан тұрады. Мақсат жайылымға нақты қажеттілікті анықтап, мемлекеттік статистиканың дұрыс жасалуын қамтамасыз ету дейді мамандар.