Биылғы жылдың саяси шешімдерінің бірі елімізде Көлік министрінің қайта құрылуы болды. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бері, яғни 4 ай бұрын құрылған министрлік бүгін Түркістанға табан тіреді. Көлік министрі Марат Қарабаев облыс тұрғындарымен жүздесіп жатыр. Дәл қазір кездесу орнында біздің тілшіміз де жүр.