Түркістан облысында тас жолда жүргізушіден 1,5 келіден астам есірткі тәркіленді. Есірткі құралдарын заңсыз сақтап, тасымалдаған күдікті Шымкент қаласының 32 жастағы тұрғыны екені анықталды. Полицейлер оны Ордабасы ауданы аумағындағы Шымкент – Түркістан тас жолында тоқтатып, басқаруындағы Nissan Primera автокөлігін тексеру кезінде есірткіге ұқсас затты тапқан. Сараптама қорытындысына сай есірткі затының жалпы салмағы 1,5 келіден асатын марихуана екенін көрсетті. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.