Кентау қаласында орналасқан колледж студенттерінің құқығы бұзылған. Арнайы кәсіптік колледж шәкірттеріне бүгінге дейін мерзімі өткен азық-түлік беріп келгені анықталды. Одан бөлек, жасөспірімдерге ескірген медициналық препараттар қолданылған. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлады. Сонымен қоса, құқық қорғау органдары бірнеше былықтың бетін ашқанын мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, оқу орнының басшылығы 80 ерекше студентті мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз етпеген. Әрі ғимаратта өртке қарсы нормалар мен санитарлық талаптар сақталмаған. Сондай-ақ, оқытушылар құрамы да біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігі белгілі болды.