Созақ ауданы халқымыздың ою-өрнегін нақышына келтіріп, бұйымдар жасап, ісмерлігімен елдің алғысына бөленген Бибайша Бекмағанбетқызының 92 жасқа толған мерейтойы атап өтілді. Онда қолөнер шеберінің өзі тіккен бұйымдары көрерменге ұсынылды. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.