Келес ауданында 14 жастағы оқушы қолөнердің ерекше түрімен айналысады. Ағаштан ою ойып, түрлі кәдесыйлар жасайтын талантты бала биыл 9-сыныпқа көшеді. Шахимардан Жақсылықұлының ата-анасы да - еңбекке баулу пәнінің мұғалімі. Бұл жағдай балаларына әсер етпей қоймапты. Сырлы Келестегі жас шебер туралы тілші сюжетінен көрейік.