Түркістанда қолөнершілер шеберханасы бар теңдессіз туристік кешен салынады. Онда ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын ірі шеберхана бой көтереді. Басты мақсат – туристерді тарту. Бұл жоба аймақтағы кәсіпкерлікті дамытып, мәдениет пен мұраны сақтап қалуға әсер етеді деп күтілуде. Жаңа жоба Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен басқосуда талқыланды. Қолөнершілер қалашығында жалпы аумағы – 9 мың шаршы метрге жуық. Онда қонақүйлер мен ас үйлер салынады. Осылайша өңірде қолөнершілерге қолдау көрсету арқылы жұмыс орындарын ашу, туризмді дамыту көзделіп отыр. Бұл жоба әлі де терең талқыланып, тиісті шешім қабылданады.