Түркістаннан 10 шақырым жерде көне қаланың орны табылды. Қарашық өзенінің маңында орналасқан шаһар атауы да өзен есімімен аттас. Қарашық қалашығы өз заманындағы маңызды қалалардың бірі болған. Тарихи жәдігер өңірдегі көне шаһарлардың орнын анықтау және оларды карта түсіру жобасы аясында жүзеге асқан. Сан ғасырдың куәсі атанған нысанға әріптесіміз де барып қайтты. Тарихи жәдігер жайында толығырақ тілші баяндасын.