Қорғаныс министрілігі өкілдері Түркістандағы ұлы отан соғысы ардагері Немет Абрасиловтың үйіне арнайы барды. Олар 102 жастағы қан майданды көзімен көрген қарияның ақ батасын алып қалуды мақсат еткен екен. Оқ пен оттың ортасынан аман келіп, бейбіт күнді жасаушы ардагерге арнайы сыйлықтары да бар. Астанадан арнайы келген Ұлттық Ұланның ансамблі өнер көрсетті. Айта кетейік, облыстағы 22 ардагердің 3-еуі Түркістанда тұрады.