Түркістан облысында отырғызылған көшеттердің көнімділігі 60-65 пайыз. Қазіргі таңда өңірде аймақ басшысының тапсырмасы аясында елді-мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстағы 852 елді мекеннің 90% көгалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет отырғызу жоспарланған. Биыл көктемде елді мекендерді көгалдандыру үшін тұқымбақтардағы 484 мың дана көшет босатылған. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.