V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тизері жарияланды. Әлемдік дода биыл 8-14 қыркүйек айында Астана қаласында өтеді. Жарысқа 100-ден астам мемлекеттен 4 мыңға жуық спортшы қатысып, елордаға 100 мыңнан астам турист келеді. Ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту сынды ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтеді.