Қосымша құн салығы көтерілмейді. Тұрғындарды алаңдатқан мәселеге нүкте қойылды. Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов ел президентінің осындай тапсырмасын жеткізді. Енді Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері республикалық бюджеттің шығыс-кірістерін сапалы жоспарлауды қамтамасыз етуі қажет. Премьер министрдің айтуынша, қаржылық тәртіпті күшейтіп, шығындарын азайтуға септігін тигізеді. Айта кетейік, бұған дейін салықтың бұл түрі 12 пайыздан 16 пайызға дейін өседі деп күтілген енді.