Түркістанға ҚР энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов келді. Өңір халқымен кездескен ол аймақты жанар-жағармаймен, жылумен, көгілдір отынмен және сапалы электр энегиясымен қамту мәселесі бойынша есеп берді. Жиынға келген Созақ ауданы тұрғындары табиғи газбен қамту мәселесін қозғаса, кентаулықтар Жылу мәселесін шешіп беруді сұрады. Энергетика вице-министрімен кездесуді кентаулық ағайын асыға күтті. Себебі қала тұрғындары қыс ортасында жылусыз қалып, үйлерінде бүрсең қақты. Нақтырақ айтсақ, қатты жел салдарынан жарық өшіп, соның салдарынан 4 қазандық түгел істен шыққан. Наразы халық қаланың жылу мәселесін түбегейлі шешуді талап етіп отыр.