Түркістанға жұмыс сапарымен еліміздің мәдениет және ақпарат вице-министрі келді. Өңір тұрғындарымен кездескен Ербол Әлиқұлов «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер енгізіліп жатқанын айтты. Атап айтқанда, өзгеріс мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік статусынан бастап, фонограмма пайдалану, авторлық құқық саласына қатысты. Сондай-ақ Ербол Шымкентбайұлы бұл кездесуде архив саласының түгел цифрландырылатыны жайлы ақжолтай хабар жеткізді. Ал тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді өз бақылауына алатынын айтты.