Түркістан қаласында жылына 500 мың дана кірпіш шығаратын зауыт бар. Мекеме өнімі Түркістан облысында кең сұранысқа ие. Зауыт кірпішінің сапасы жоғары. Себебі өнімге қажетті шикізат Сауран ауылының маңындағы алаңқайдан алынады. Айта кетсек, сан ғасырлық тарихы бар Қожа Ақмет Ясауи кесенесінің құрлысына да қажетті кірпіш Сауран топырағынан әзірленген. Зауыттың ішкі құрлымы жайында әріптесіміз толығырақ тарқатсын.