Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл. Осыған орай, облыстық "Farab” әмбебап ғылыми кітапханасының бастауымен жыл басынан бері "5 жылдыққа - 5 әдеби сапар" жобасы іске асырылып келді. Рухани әдеби көш өз бастауын киелі Түркістаннан бастап, шұғылалы Шымкенттен аяқталды. Сапар барысында "Фараб" әмбебап кітапханасы 20 мыңға жуық кітаппен толықты. Жиналған кітап қоры облыстың 17 ауданына таратылады. Әр аудан кітапханасына 1400-ден аса кітаптан беріледі. Мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен жасалған жобаның мақсаты - Түркістан облысының руханият, әдебиет және мәдениет саласында болып жатқан жаңалықтарымен бөлісу болатын.