«Қазақ қызы шетелдіктерге тұрмысқа шықпасын». Осылай деген Парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер Құдайшүкір Абдуллаев аталған мәселені түбегейлі шешуді көздеп отыр. Қоғам белсендісі Түркістан мен Арыс қаласы, Ордабасы, Отырар, Сауран аудандарын аралады. Халықты өз сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.