Түркістан облысының құлпынайлары 2-3 күнде піскелі тұр. Уылжып піскен экзотикалық жидек жергілікті халықты толық қамтып, қала берді еліміз бойынша жаппай сатылымға шықпақ. Құлпынайдың биылғы өнімділігі қандай? Толығырақ тілші сюжетінде. Марат Оралов – Келес ауданы Қазақстан ауылының тұрғыны. Кәсіп иесі құлпынай шаруашылығымен 2021 жылдан бері айналысып келеді. Бастапқыда 1 гектар егістік алқабында басталған кәсібінің көлемін бүгінде 5 гектарға жеткізген. Күзде егілген құлпынай 2-3 күнде алғашқы жемісін бермек.