Төлебилік тұрғын Зылиха Маусымбекова құлпынай өсіруді қолға алған. Зейнеткер үй іргесіндегі 5 соттық жерге 2 500 түп құлпынай егіп, аудандағы осы жеміс түріне артқан сұранысты тиімді пайдаланып отыр. Шаруамен әріптесім тілдесіп қайтқан болатын. Дәмді жидекке балалар ғана емес, барша жұрт құмар. Төлебилік зейнеткер бүгінгі таңда құлпынайдың альбион сортын егуде. Бұл сортты алғаш 2006 жылы америкалық ғалымдар өсірген.Альбионның басты ерекшелігі – үздіксіз және ұзақ жылдар жеміс береді. Құлпынай - пайдалы әрі дәмді жидек. Алайда ол - ерекше күтіп-баптауды талап ететін кірпияз өсімдік. Сондықтан оған екінің бірі кірісе бермейді дейді Зылиха Маусымбекова Дәмі тіл үйіретін құлпынайдың бұл түрі ерте көктемнен бастап қара күзге дейін жемес береді. Жыл санап оған сұраныс та артып келеді.