Өз қолтаңбасымен 500 млн тиражбен Құран кітаптың шығуына себепкер болған тұлғаның ата-бабалары қазақ екенін білесіз бе? Иә, қазақ. Әлемгі белгілі каллиграф Шейх Осман Тоһә түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласына арнайы келді. Құран кітапты үш жыл бойы қолмен жазып шыққан каллиграф Түркістан телеарнасына эксклюзивті сұхбат берді.