Биыл белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Дүйсенкүл Бопованың туғанына 90 жыл толды. Осыған орай Шымкентте «Құрмет пен қызмет» тақырыбында арнайы шара ұйымдастырылды. Шежірелі Түркістан өңірінде ұлағатты ғұмыр кешіп, облыстың тарихында өшпес із қалдырғандардың ішінде Дүйсенкүл Бопованың есімі ерекше құрметпен аталады. 1950 жылдан бастап аудандық комсомол комитетінде машинистка-хатшылықтан бастап облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Мәдениет, оқу орындары, денсаулық сақтау мекемелерінің халыққа көрсететін қызметінің деңгейі жоғары болуы үшін бар күш-жігерін аямады. Шараға Дүйсенкүл Боповамен қызметтес болған азаматтар, шәкірттері, зиялы қауым өкілдері қатысып, оның бейнесін еске түсіріп, рухына тағзым етті.