Түркістан облысындағы құрылыс нысандарында заң талаптары өрескел бұзылып жатыр. Бұл жәйттер өңірде жүргізілген мониторинг кезінде анықталды. Аймақта бюджет және жеке қаражат есебінен салынып жатқан 36 нысаннан кемшіліктер анықталған. Оларға қатысты тиісті шара көріледі. Бүгінде облыс аумағындағы бюджет қаражаты және жеке кәсіпкерлік есебінен салынудағы құрылыс нысандарының саны мыңнан асады. Оның тең жартысы бюджет қаражаты есебінен салынып жатыр. Биылғы 8 айда тексеру қорытындысымен құрылыс барысында заң бұзғандарға 70 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған.