Өрт сөндіру қызметі жылдамдықты қажет ететін сала. Тілсіз жау белгілі бір мекенге лап бергенде 1 секундтың өзі шешуші рөл атқарады. Ал мұндайда мемлекеттік өрт сөндіру қызметі жеткенше алғашқы жұмыстарды атқаратын тағы бір сала бар. Ол мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мекемелері. Бүгін Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті олардың дайындығын пысықтау үшін облыс бойынша аталған мекемелердің арасында жарыс ұйымдастырыпты. Бейбіт күн батырларын бақталастырған тартысты келесі сюжеттен көрейік!