Қырғызстанда сел кезінде қаза тапқан қазақстандық балалардың денесі арнайы бортпен Өскеменге жеткізілді. 4 жасөпірім де Шығыс Қазақстан өңірінің тұрғындары. Облысы әкімдігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған. Қазір, балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылды. Өңір басшысы Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстармен кездесіп, көңіл айтты. Сондай-ақ, жерлеу рәсімін өткізуді өз мойындарына алғанын жеткізді.