Жылыжай иелері қысқа ертерек қамданулары керек. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы шаруалармен кездесуінде осылай деді. Оның сөзінше, қазір көмір қоры жеткілікті және бағасы арзан. Осы сәтті пайдаланып кәсіпкерлер сатып алулары керек. Сондай-ақ, субсидия беру ісі де қарастырылып жатыр. Алайда мемлекеттің бұл қолдауына ие болу үшін, жылыжай талапқа сай болу керек екен.