Түркістанда Полицияның «қызмет орталығы» ашылды. Бұл кеңсенің артықшылығы – азаматтар турникетте тұрып, арнайы рұқсатты күтпей, еш кедергісіз жылдам қызмет ала алады. Мұнда 10-нан астам полиция қызметкері көші-қон, әкімшілік, жергілікті полиция салалары бойынша кеңес беріп, қызметтерді ұйымдастырады. Ал әкімшілік айыппұлдарды төлеу мен тексерту мұндағы мамандар тарапынан ең жиі көрсетілетін қызметтің түрі екен. Айта кетейік, екі қабаттан тұратын ғимаратта анықтама бөлімі, күту залы мен полицияның қызмет көрсету орындары бар. Күту залы тұрғындарға барынша қолайлы етіп жасалған. Онда келушілер теледидар қарауына, газет-журнал оқып, ыстық кофе немесе сусын ішуіне мүмкіндік бар.