Қызылорда полицейлері есірткі сақтаған тұрғынды анықтады. 18 жасар бозбала "Қарасора – 2024" іс-шарасы аясында қолға түскен. Тәртіп сақшылары оның қол сөмкесі мен қалтасын тінту барысында қара изолентаға оралған 64 пакет ақ ұнтақ тапқан. Қала берді, оның қала аумағында есірткі жасырған 30 нүктесі бар болып шықты. Тәркіленген ұнтақтың жалпы салмағы 150 грамға жуықтайды. Күдікті қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тергеу жүргізіліп жатыр.