Елімізде А гепатиті мен қызылша өршіп тұр. Ауру жұқтырғандар саны бойынша Шымкент пен Алматы қаласы алдыңғы қатарда. Ал, Түркістан облысында жыл басынан бері мыңға тарта қызылшаға күдікті жағдай тіркелген. Басым бөлігі 4 жасқа дейінгі балалар. Өңірдегі ушыққан жағдайдың алдын алу үшін бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шықты. Соған сәйкес облыстағы 180 мыңнан астам бала мен медицина қызметкерлерін қызылшаға қарсы жаппай иммундау жүргізілмек.