Ливияда су тасқынынан қаза тапқан адамдардың саны 11 мың адамға жетті. Осыған орай, ел билігі оның салдарымен күресу үшін 10 миллиард динар, ол дегеніміз 2 миллиард АҚШ долларын бөлді. Бұған дейін табиғи апаттан 5 мың адам қаза болды деген хабар тараған еді. Гуманитарлық ұйымның мәлімдеуінше, елде 10 мың адам із-түссіз жоғалғандар қатарында. Дерна қаласында 6 мыңдай адамнан хабар жоқ. Мұндағы тұтас аудандарды тасқын шайып кеткен.