ҚР ІІМ министрі - Түркістанда. Бас полицией өңір тұрғындарының алдында тәртіп сақшыларының иммиджін көтеру жолында жасалып жатқан жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ облыс көлемінде белең алып тұрған мал ұрлығы мен басқа да қылмыстардың алдын-алу жұмыстарына да тоқталды. Ол үшін ауыл билері мен ақсақалдарының алар орны ерекше екенін атап өткен министр, бұл өңірде ішімдіктен бас тартқан елді-мекендердің көбейгеніне сүйсініс білдірді. Тіпті сол ауылдардың әкіміне арнайы алғыс айтып, төсбелгі табыс етті. Жиын соңында Марат Ахметов жеке қабылдау өткізіп, тұрғындар мәселелерін тыңдады.