Түркістан облысы мәдениет басқарма басшысы саладағы былтырғы атқарылған жұмыстар жайлы есеп беріп ағымдағы жылға жоспарларымен бөлісті. Өңір руханиятын дамыту үшін мәдени ошақтарда ұйымдастырылатын бірқатар жобаларды алға тартып мәселелер талқыланды. Мәселен туристерге мәдени қызмет көрсету мақсатында алдағы уақытта «Көше театрлары фестивалі» өтпек. Оған шетелдік театрлар келіп қатысады деп жоспарлануда.