Түркістан облысының мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды. Салтанатты шара сала өкілдерінің кәсіби мерекесі аясында өтті. Мәдениет майталмандарын Түркістан облысының әкімі Бейсен Тәжібаев құттықтап, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін тағып, алғыс хат берді. Айта кетсек, биыл облыста 700-ге жуық мәдени іс шаралар ұйымдастырылды.