Түркістан облысының елді мекендеріне мәдениет үйін салудың бірыңғай стандарты қабылданады. Аталған мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Аймақ басшысы мәдениет ошақтарын салу барысында біркелкі жүйе құрып, бірыңғай стандартты әзірлеу бойынша жауаптыларға нақты тапсырма берді.