Бүгін Түркістанға Алматыдан Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры келді. Көрерменнің сұранысына ие болған «Махаббат қызық мол жылдар» қойылымы екінші мәрте сахналанып жатыр дейді. Ендеше дәл осы сәтте Түркістанның төріне қонаққа келген театр ұжымы не істеп жатыр? Дайындық жұмыстары қалай? Әріптесіміз Балым Әлішерден сұрайық.