Саяси науқан жақындаған сайын сайлауға түсетін партиялар мен кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Өңір-өңірлерді аралап, өз тұғырнамаларын халыққа таныстырып жүр. Мәселен, мәжіліс депутаттығына үміткер Құдайшүкір Абдуллаев №25 сайлау округіне қарасты Түркістан мен Арыс қаласы, Ордабасы. Отырар, Сауран аудандарын аралап, өз сайлауалды бағдарламасымен таныстыруда.