Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытжан Базарбек министрліктерге сұрақ қоямын деп, Мәжіліс спикерінен сөз естіді. Халық қалаулысы алдымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға шүйлігіп, Президенттің көмекшісі болып тұрған кезінде халыққа берген уәдесін орындамағанын алға тартты.