Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасының «Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd» компаниясының бас директоры Чжан Цихаймен кездесті. Кездесу барысында өңірде мақтаның жоғары сұрыпты түрін өсіру, тамшылатып суғару технологиясын енгізу және мақта өңдеу зауытын салу мәселесі сөз болды.