Түркістан облысында мақта теру маусымы басталып кетті. Ерте көктемнен қара күзге дейін тынбай еңбек еткен диқандар биыл ақ алтынның бағасы жақсы болатынына үмітті. Әзірге нақты бағасы бекітілмесе де, шаруалар өнімдерін зауыттарға өткізуде. Мақталы аймақ Мақтааралда биыл қанша тонна мақта дақылы жиналады? Толығырақ Бексұлтан Бекпатша жалғайды.