Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында тоқыма комбинаты мен логистикалық орталық ашылады. Оны Өзбекстанда мақта-тоқыма кластерімен айналысатын ең ірі компаниялардың бірі «Global textile» жүзеге асырмақ. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды аталған компания басшылығымен кездесіп, мақта шаруашылығын дамыту, мақта шитінің сапасын жақсарту мәселелерін талқылады.