Мақтаарал ауданында мақта теру маусымы басталып кетті. Ерте көктемнен қара күзге дейін еңбек еткен диқандар биыл ақ алтынның бағасы жақсы болатынына үмітті. Әзірге нақты бағасы шыға қоймаған, дегенмен шаруалар өнімдерін зауыттарға өткізуде. Толық ақпаратты мақталы аймақта жүрген әріптесім Бексұлтан Бекпатшадан сұрап көрейік.