Түркістан облысы Мақтаарал ауданында теңдесі жоқ текстиль комбинаты мен логистикалық хаб құрылмақ. Мекеме 2 мыңға жуық жұмыс орнын ұсынады. Жоба сәтті жүзеге асса Түркістан облысында жасалған киім кешектер халықаралық нарыққа шықпақ. Зауыт толық қуатында 71 млн. АҚШ доллардың өнімін өндіреді. Бұл туралы халықаралық форумда айтылды. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша тағы қандай жоспар бар? Толығырақ тілші тарқатсын.