Мақтааралдықтар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық сенбілігіне белсене қатысуда. «AMANAT» партиясының бастамасымен өткен «Таза бейсенбі» шарасында көрнекті мемлекет қайраткері Қосман Қайыртайұлы ескерткішінің аумағы тазаланды. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағында өткен шараға облыстық мәслихат депутаттары, аудандық әкімдік өкілдері мен партия белсенділері қатысты. Сондай-ақ игі іске БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар, бір сөзбен айтқанда аудан жұрты бір кісідей жұмылды.