Бүгін өткен саяси науқанға Мақтаарал ауданының жұрты белсенді қатысты. Бірі сайлау учаскесінің есігі ашыла салысымен дауыс берсе, басқа сайлау учаскесінде келушілерге наурыз көже таратылды. Оған қоса өзге ұлт өкілдері қоныстанған елдімекенде де дауыс берушілердің қатары қалың болды.