Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Малайзиядан келген әлеуетті инвесторлармен кездесті. Саяси-экономикалық дамуда зор табыстарға жеткен Малайзияның Joinland Group компаниялар тобының директоры Яп Леонг Чай мен Arjuna Asia компаниясының бизнесті дамыту бойынша директоры Доминик Синаппан бастаған бір топ бизнес делегация өкілдері Түркістандағы «Жаңа қала» аумағынан 20 қабатты халықаралық стандарттарға сай қонақүй салуды жоспарлап отыр.