Маңғыстауда мұғалім оқушыларды таяқпен тәртіпке салғаны үшін жұмыстан қуылды. Әлеуметтік желіде тараған видеода мұғалімнің қолына таяқ ұстап, бастауыш сынып оқушыларын жазалап жатқанын байқауға болады. Оқиға мұнайлы аудандағы жекеменшік мектептердің бірінде болған. Мұғалім сынып ішін аралап, біртіндеп ұл балалардың алақанынан ұрған. Сондай-ақ тағы бір оқушының бұрышта тұрғанын көруге болады. Ал облыстық білім басқармасы мұғалімге қатаң сөгіс беріліп, жұмыстан босатылғанын хабарлады. Айтуларынша, бұл қызметкер – төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман екен. Қазір мұғалімге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама түзіліп, «қатаң сөгіс» тағайындалып, жұмыстан босатылған.